Алматы • 15 Мамыр, 2024

Алматы көшелеріне танымал тұлғалардың есімі беріледі

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындардан белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконников атына көше беру туралы ұсыныс түскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы көшелеріне танымал тұлғалардың есімі беріледі

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қалалық мәслихат тұрғындардың сұранысын ескеріп, шешімдерінің жобасын жариялады.

«Бостандық ауданы Ю.Гагарин даңғылының К.Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев даңғылы, Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников атын беру жоспарланған. Ескендір Хасанғалиевтің есімін Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге беру көзделді, ал Юрий Померанцевтің есімімен қаланың Бостандық ауданындағы атауы жоқ көше аталады», делінген Алматы қалалық мәслихат жобасында.

Шешім жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024