![Президент Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты айыптады](/media/2024/05/15/img_3348.jpeg)
Фото: AP Photo / TASR/Radovan Stoklasa
Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, бүгін Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды.
Жергілікті БАҚ оқиға орнынан түсірілген видео таратты. Кадрларда төрт рет оқ атылып, Р.Фицоның жерге құлағаны көрсетілген. Қауіпсіздік қызметкерлері Премьер-министрді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.