Астананың “Сапаржай” автобекеті алдына кеше сары және ақ түсті футболка мен бастарына кепка киген бір топ студент жастар жиналды. Білім және ғылым министрлігі бастамашы болып табылатын “Әр студент – туған ауылына!” атты республикалық акция осылайша Астана қаласының студенттерін туған ауылдарына шығарып салу рәсімімен басталды.Елорданың жоғары оқу орындарының 1, 2 курс студенттері болып табылатын жастардың көңілдері көтеріңкі. Өйткені, мұндай ерекше қошеметпен шығарып салу рәсімі күнде бола бермейді. Туған ауылдарына игілікті іс-шаралар атқаруға аттану алдында тұрған студент жастар осында арнайы шақыртылған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбаттарын беріп, суретке де түсіп жатты. Солардың арасынан біз Қазақстан студенттері Альянсының вице-лидері Әлібек Мәдібековті әңгімеге тартқан едік. Ол өз сөзінде былай деді: “Бұл акцияның ең басты тиімділігі сол, олардың өз уақыттарын тиімді пайдалануы және оқу барысында алған көптеген ақпараттарды ауылдастары мен туған-туыстарына жеткізуі”.
Сондай-ақ студенттер ауылдарына барған соң мемлекет тарапынан жастарға нендей көмектер көрсетіліп жатқандығын жеткізіп, білім гранттары туралы ойларымен бөлісулері шарт. Осы мақсатпен кеше бірнеше студент Степногор қаласына жол тартты. Жоба осылайша жалғасын таба береді, дейді Ә.Мәдібеков.
Қазіргі жазғы демалыс кезінде студенттер ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысуда, сонымен қатар, мектептердің айналасын тазартып, абаттандыру жұмыстарына белсене кірісіп те кетіпті. Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық институтының студенті Аягөз Шериазданованың айтуынша, ауыл жастарды тек еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, сондай-ақ отансүйгіштік сезімдерін де оятады. Аталған оқу орнының келесі бір студенті Ғалымжан Керімбеков қазіргі кезде көптеген студенттер өз ауылдарына барып көмек көрсетуге құлшынып отырғандығын айтты.
Шынында да акцияның мақсаты — жастардың ауылдың қоғамдық өміріне атсалысуы арқылы туған еліне деген жауапкершілік сезімі мен патриоттық рухын қалыптастыру. Бұл, сонымен қатар, студенттердің туып-өскен ауылдарының дамуына тікелей атсалысуына мүмкіндік туғызады. Акция барысында студенттер өздері білім алған мектептерінің айналасын абаттандырып, әр түрлі спорттық және мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырады, мектеп жанындағы лагерьлердегі педагогикалық жасақтарда жетекші болып жұмыс істейді.
Аталған шараның тағы бір тиімді жағы, белсенді деген студенттер еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады. Сонымен бірге, олар мемлекеттің жастарды қалай қолдап жатқаны және мемлекеттік білім бағдарламалары туралы ақпараттармен де бөліседі.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.
АСТАНА.

Grand slam турнирінде Қазақстан дзюдошылары үш жүлде еншіледі
Күрес • Бүгін, 10:52
Таеквондошы Жанайбек Шамуратов ел біріншілігінде топ жарды
Спорт • Бүгін, 10:40
Елорда мен Талдықорған арасында жаңа пойыз қатынайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:32
Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:30
Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:22
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт • Бүгін, 10:13
Қар, жаңбыр, көктайғақ: 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:02
Бангладеште нипах вирусын жұқтырған әйел көз жұмды
Әлем • Бүгін, 09:59
Жаяу жүргінші өткеліндегі қаза: Павлодарлық тұрғындар бағдаршам талап етіп отыр
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:47
Сауда • Бүгін, 09:42
Ақтөбе облысындағы бірқатар ауданда жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:33
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:29
Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды
Президент • Бүгін, 09:07
Қазақстан биатлоншылары эстафетада бақ сынады
Олимпиада • Кеше