Ауа райы • Бүгін, 09:29

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар жолдардағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

фото: caravan.kz

2026 жылғы 9 ақпан, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс ашық:

Алматы облысы

  • РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 59-143 км (Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысының шекарасы).

    «Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам көз жұмды

Жамбыл облысы

  • Аталған автожолдың «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 143-214 км (Алматы облысының шекарасы – Қордай ауылы).

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді:

Ұлытау облысы

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 24-137 км (Сәтбаев қаласы – Ұлытау ауылы);

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 433-750 км (Жезқазған қаласы – Жаңаарқа кенті).

Абай облысы

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы,
    778-967 км (Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы).

Алматы облысы

  • «Қонаев – Күрті» автожолы, 0-67 км (Қонаев қаласы – Күрті ауылы);

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 2295-2436 км (Қаншеңгел ауылы – Ақсай ауылы);

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы,
    112-124 км (Шеңгелді ауылы – Жетісу облысының шекарасы).

Жетісу облысы

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы,
    124-234 км (Алматы облысының шекарасы – Жамбыл ауылы);

  • «Сарыөзек – Көктал» автожолы, 3-68 км (Сарыөзек кенті – Алтынемел асуы);

  • «Үшарал – Достық» автожолы, 84-164 км (Көктұма кенті – Достық станциясы).

    Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

Жамбыл облысы

  • РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238 км (Кенен ауылы – Қайнар ауылы). Қозғалыс Қордайдың ескі асуы арқылы жүзеге асады.

Ақтөбе облысы

  • Аталған автожолдың 0-77 км учаскесі
    (Жайсан өткізу бекеті – «ЭКО ойл» жанармай бекеті).

Батыс Қазақстан облысы

  • «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолы, 393-526 км
    (Жымпиты кенті – Ақтөбе облысының шекарасы).

Павлодар облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында
    («Қалқаман» жол айрығы – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу)
    жолайрықтағы көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында күрделі таулы жағдайға байланысты 2024-2025 жылғы қысқы кезеңде Осинов асуында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына 46-66 км
(Солтүстік ауылының бұрылысы – Серебрянск қаласына бұрылыс) аралығында шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35