Білім • 20 Мамыр, 2024

Қытай университеттерінде қазақ тілі оқытылады

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Халық Республикасының 5 университетінде «Қазақ тілі» мамандығы ашылды. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрі Ван И айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай университеттерінде қазақ тілі оқытылады

Фото:depositphotos.com

Еске салайық, бүгін Астанада Қазақстан мен Қытай Сыртқы істер министрлері келіссөздер жүргізді.

«Қазіргі таңда Қытайда 10 мыңнан астам Қазақстан азаматы жоғары оқу орындарда білім алып жатыр. Сондай-ақ Қытайдың 5 университетінде «Қазақ тілі» мамандығы ашылды», деді ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И.

Сонымен қатар Қытай министрі Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің маңыздылығын атап өтті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті