Таным • 22 Мамыр, 2024

Қазақтың тұңғыш велосипедшісі кім?

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір кезде осындай ой келіп, зерттеп көрген едім. Ол Мәділхан сұлтан Абылайханов болып шықты.

Қазақтың тұңғыш велосипедшісі кім?

Осыдан 127 жыл бұрын, 1897 жылғы 22 мамырда Омбыда қала тарихында алғаш рет веложарыс өткізіліпті. Осы жарысқа Омбы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген Мәділхан да қатысып, алтын ме­дальды жеңіп алыпты. Бұл мәліметті «1000 знаменательных событий из истории Омска» деген кітаптан кезіктірдім.

Мәділхан – Абылай ханның ұрпағы. Әкесі – әйгілі «Дала уәлаятының газетінің» редакторы болған Есмұхамед Жошыұлы. Мәділхан Абылайханов офицер болған, Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Деректерде оның Дутовтың кеңесшісі болғаны, кейін Қытайға өтіп кеткені айтылып жүр.

Айтпақшы, «Атаманның ақыры» киносындағы Абы­лайханов – осы Мәділхан. Оның рөлін Нұрмұхан Жантөрин ойнайды.

 

Серікбол ХАСАН,

журналист