Оқиға • 22 Мамыр, 2024

БҚО-да әйелін қатыгездікпен өлтірген зейнеткер сотталды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 73 жастағы зейнеткер жұбайын ұрып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

БҚО-да әйелін қатыгездікпен өлтірген зейнеткер сотталды

Ер адамға қатысты үкім мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта шығарылды. Ол әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл мерзім оның жасын ескере отырып шығарылды.

Істің материалдарына сәйкес, зейнеткер алдымен жұбайын пәтерде ұрып-соғып, оны жіппен тұншықтырған, содан кейін қолымен қылқындырған. Олардың отасқандарына 48 жыл болған. 

«Сот отырысында сотталушы өзінің іс-әрекетіне өкінетінін және жасаған қылмысын мойындайтынын айтты», деп атап өтті сотта.

Сот үкімі заңды күшіне енді.