Аймақтар • 27 Мамыр, 2024

Атырау облысында «Қауырт желі» қайта іске қосылды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 мамырға қараған түннен бастап Атырау облысындағы су тасқыны жағдайларына байланысты облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Қауырт желі» қайта іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында «Қауырт желі» қайта іске қосылды

Фото: ТЖД Қоғаммен байланыс тобы 

Облыстың ТЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім еткендей қауырт желінің негізгі мақсаты облыс тұрғындарына ақпараттық және психологиялық көмек көрсету. Аталған уақыттан бері орталыққа 22-ден астам ақпараттық сипаттағы қоңырау келіп түскен.

«Қауырт желі» демалыссыз тәулік бойы 45-41-47, 45-07-00, 45-14-75 нөмірлері бойынша жұмыс істеп жатыр.