Қоғам • 29 Мамыр, 2024

Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы «Парасат» конкурсының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды

Фото: Kazpravda.kz

Өтінім берген жылдың алдындағы жылдың 21 мамырынан бастап өтінім берген жылдың 20 мамырына дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

«Сіздерді конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды. Материалдар 10 маусымға дейін қабылданады. Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады», делінген хабарламада.

Материалдарды Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Соңғы жаңалықтар

Аймақ ажарланып қалды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:50

Мал өсірсең, қой өсір...

Шаруашылық • Бүгін, 08:48

Заң уақыт сұранысына сай

Қоғам • Бүгін, 08:45