Оқиға • 30 Мамыр, 2024

«Qarmet»-те металл ұрлап, шахтерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

71 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Теміртауда өткен «Қауіпсіз қала» жедел-алдын алу шарасы аясында 23 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды. Сонымен бірге, 3,7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп жазады Egemen.kz.

«Qarmet»-те металл ұрлап, шахтерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фото:polisia.kz

Нәтижесінде 2024 жылы кәсіпорындарда жасалған ұрлық саны шамамен 46%-ға азайды.

«Qarmet» металлургиялық компаниясының нысандарында ұрлық жасап, оның қызметкерлеріне қатысты басқа да ауыр қылмыс жасаған бірнеше ұйымдасқан топ ұсталды.

Өткен жылдың наурыз айында «Qarmet» АҚ-ның металл өнімдерін ұрлаумен айналысқан 40 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ пен басшысы ұсталды.

Сондай-ақ 2023 жылдың тамыз айында аймақтағы криминогендік жағдайға және компанияның қызметіне теріс әсер еткен тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ көшбасшысы мен 27 мүшесі қолға түсті.

«Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша олардың Қарағанды облысының аумағында миллиондаған жымқыру, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны туралы дәлелдер жиналды. Тергеу аяқталды. Енді істер прокурорға зерттеу және ары қарай сотқа жіберу үшін жолданады», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Былтыр желтоқсан айында Қарағанды облысының Абай ауданындағы «Qarmet» кәсіпорнының шахтерлерін бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды.

Биыл сәуір айында ІІМ, ҰҚК және Мемлекеттік күзет қызметі Бас прокуратура бірлесіп, металлургия комбинатынан аса ірі мөлшердегі ақша ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады.

«Қылмыстық схема бақылаудағы мердігерлік және күзет ұйымдары арқылы жоқ тауарды жеткізуден тұрған. Шығын 1,5 млрд теңгеден асады. Ұстау және тінту шаралары бір мезгілде Қарағанды, Теміртау және Алматы қалаларында өткізілді. Күдіктілер қамауға алынды. Кәсіпорындағы ұрлыққа жол бермеу бойынша жұмыс ерекше бақылауда», деді Қуандық Алпыс.

Соңғы жаңалықтар

Аймақ ажарланып қалды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:50

Мал өсірсең, қой өсір...

Шаруашылық • Бүгін, 08:48

Заң уақыт сұранысына сай

Қоғам • Бүгін, 08:45