Білім • 31 Мамыр, 2024

Магистратураға құжат қабылдау басталады

56 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Магистратураға құжат қабылдау 1 маусымнан басталады. Магистратураға түсу үшін тапсыратын кешенді тестілеуге тіркеу алдағы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Үміткерлер өз өтінішін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында қалдыра алады.

Магистратураға құжат қабылдау басталады

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Ұлттық тестілеу орталығының хабар­­лауынша, тіркелу кезінде талапкер тес­тілеуді тапсыратын қаланы өзі таңдайды. Үміткерлер өтініштерді қабылдау мер­зімі аяқталғанға дейін (8 шілдеге де­йін) білім бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өті­нішке өзгерістер енгізе алады. Талап­кер тестілеудің өтетін күні туралы ақпарат­ты жеке кабинетінен 13 шілдеде көре алады. Ғылыми-педагогикалық магистратура­ға түсу үшін кешенді тестілеу электрон­ды форматта өткізіледі және үш бөлім­нен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға да­йын­дығын анықтауға арналған тест және білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут бе­ріледі. Шекті ұпай – 75.

Ал шығармашылық маман­дықтар бойынша бейінді ма­гистратураға үміт­ті­лерден құ­жат қабылдау 1 маусым мен ­8 шіл­де аралығында жоғары және (не­­ме­се) жоғары оқу орны­нан кейінгі білім ­­бе­ру ұйымдарын­да жүзеге асырылады.

Биыл бейінді магистратураға түсу ере­желеріне өзгеріс енгі­зіл­ді. Енді бейінді магистратура­ға түсуге ниеттілер «Оқуға дайындығын анықтауға арнал­ған тест» бөлімінен босатылды. Осылайша, олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті ұпай кемінде 30, оның ішінде әрбір бейінді пән бойынша кемінде 7 ұпайды құрайды. Сондай-ақ басшы лауазымын­да кемінде 5 жыл өтілі бар немесе білім бе­ру бағдарламасының бейініне сәй­­кес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл ең­бек өтілі бар тұлғалар бейінді ма­гистра­­тураға ақылы негізде әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады. Ке­шен­ді тестілеу нәтижелерімен келіс­пеген жағдайда талапкер тестілеу аяқ­талғаннан кейін онлайн апелляцияға бере алады.

Магистратураға түсушілер 13 мыңға жуық білім беру гран­тына үміткер бола алады. Осы­ған дейінгі материалымызда жаз­ғанымыздай, магистратурада оқу­ға бөлінген гранттар тізіміне келсек, «Инженерлік, өңдеу және құрылыс» салалары бойынша мамандықтарға ең көп грант (3227) бөлінген. Одан кейінгі рет­те «Педагогика ғылымдары» бағы­ты бойынша мамандықтар (3347) қарастырылған. «Жаратылыс­тану ғылымдары, математика және статистика» салаларындағы мамандықтарға – 1265, «Ақпа­рат­тық-коммуникациялық технологиялар» сала­ларындағы ма­мандықтарға 1235 грант бөлінді. Ал ең аз грант бөлінгені – «Ден­саулық сақтау және әлеуметтік қамта­масыз ету» (225), «Қызмет көрсету» (315) салаларындағы ма­мандықтар. 

Соңғы жаңалықтар