Аймақтар • 31 Мамыр, 2024

Автобус апаты: 1 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушылар мінген автобус Алматы - Шелек - Қорғас тас жолында жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан автобустың жүргізушісі қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автобус апаты: 1 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі ұсталды. ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

- Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Yutong автобусының жүргізушісі қашықтықты сақтамаған және Mercedes Benz 2540l Actros жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. Апат салдарынан алдыңғы орындықта отырған екінші автобус жүргізушісі жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлады полиция.

Апат кезінде автобус салонында 40 жолаушы болған. Олардың он бірі түрлі жарақат алды. Бір адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді.

Соңғы жаңалықтар