Спорт • 03 Маусым, 2024

«Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды. Сот шешімімен оған 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды

Бұған дейін бірқатар БАҚ беттерінде футбол клубының директоры әрі «Жетісу» әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевты ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Әлеуметтік желіде тараған кейбір бейресми мәліметтерде Қалмұхамет Дөңсебаевты Антикор ұстағаны және ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдікке ілінгені айтылады.