Қоғам • 04 Маусым, 2024

Тәуелсіздіктің алтын күмбезі

84 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мемлекеттік рәміздер – әр елдің өзіндік біре­­­гейлігі мен егемендігін ай­шық­тайтын нышандар. 1992 жылы 4 маусымда Тә­уел­сіз Қазақ­стан­ның жаңа мем­лекеттік рәміз­де­рі бекі­тіл­ді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміз­дер­дің ту­ған күні ре­тін­де таңба­лан­ды. 2007 жылдан бері 4 маусым елі­міз­де Мем­ле­кет­тік рә­міз­дер күні ретінде атап өті­леді.

Тәуелсіздіктің алтын күмбезі

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық байлығымыз, ел тарихына, ұлттық ұлы мұраттарға, мемлекеттік тілге, мәдениет пен салт-дәстүрге деген терең құрметтің бастау көзі. Әлем алдында сандаған ғасырлық тағы­лым­ды тарихы бар тәуелсіз, егемен ел екенімізді айқындайтын да – Ту мен Елтаңба. Түрлі ресми, халықаралық іс-шараларда Ән­ұранымыз шырқалғанда немесе көк Туымыз көтерілгенде әрбір отандасымыздың жүрегін мақтаныш пен патриоттық сезім кернейді.

Мемлекеттік рәміздерде бейнеленген құндылықтарға еліміз жүргізіп отырған сан қырлы саясат негізге алынған. Ол – ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік, қо­ғам­дық келісім. Ортасында ша­ңы­рақ бейнеленген алтын күн, қалық­таған қыран сұлбасы мен Елтаңба бейнеленген. Көк байрақ еліміздің барша азаматтарына ортақ шаңырақтың нышаны ретін­де әлемге жаңа, тәуелсіз мемлекет – Қазақ­стан Республикасын әйгілейді.

Қасиетті құндылық ретінде мем­­лекеттік рәміздердің орналасуына қатысты бірнеше нақты шарт бар. Айталық, мемлекеттік меке­мелердің кіреберісінде орналасатын Мемлекеттік туға түнгі уақытта да жарық түсіп тұруы шарт. Сондай-ақ суретте ту үнемі оң жаққа қарай желбіреп тұруға тиіс. Мекеме бас­шыларының жұмыс бөлмесінде орналасатын Мемлекеттік ту мен Мемлекеттік елтаңбаның орналасу реті арнайы талаптарға сәйкес болуы керек.

2020 жылдың қазан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мем­лекеттік рәміздерді пай­далану туралы заңнаманы қайта қарау керектігін мәлімдеді: «Қолданыстағы заңнамада туымыз­ды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің бал­конына немесе үйлердің қа­быр­ғасына ту ілуге ты­йым са­лынған. Заңнамалық және нор­ма­тивтік актілерді, ең алдымен, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қа­жет. Парламенттің бірқатар депутаты мен азаматтарымыздың елі­міздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, Мемлекеттік туды кеңі­нен қолдану туралы ұсынысын қол­даймын», деп атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекеттік рәміз­­дерді халықтың жаппай қол­дануына қатысты бұрын қабыл­дан­ған шектеулерді азайту, ел аза­маттарының мемлекеттік туды өз тұрғын үйлерінің балкондарына немесе қабырғасына ілуіне заңнамалық тұрғыдан рұқсат беру қажеттігі жө­нінде тапсырма берді. Осыдан кейін туды балконға ілуге ресми рұқсат етіл­ді.

Жалпы, мұндай тәжірибе әлем­нің бірқатар елінде бар. Мәсе­лен, Түр­киядағы көпқабатты үйлер­дің қа­быр­ғалары, балкондары және ма­­ңызды деп саналатын ғимарат­тар­дың сыртқы қасбеттері тумен үнемі көмкеріліп тұрады. Соны­мен қоса түрлі бұқаралық, рухани-мә­дени, спорттық іс-шара­лар­да, тіпті жеке­мен­­шік үйлердің төрінде де қызыл бай­рақтың көркем көз тартатынын жиі бай­қауға болады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Мем­лекет басшысының тапсырмасымен бүгінде азаматтардың мемлекеттік туды патриоттық мақсатта кеңінен пайдалануына мол мүмкіндік жасалып отыр. Қа­зір­де ел тұрғындары өзі тұратын үй­дің балконына, терезесіне немесе көлі­гіне көк байрағымызды іліп қоя алады. Алайда мемлекеттік рәміз таза болуы, дұрыс орналасуы және заңнамада белгіленген стандарттарға сәйкес болуға тиіс.

Мемлекеттік рәміздер дүние­жүзілік деңгейде Мемлекет басшы­сының ресми са­парлары барысында, сондай-ақ түрлі әлемдік, халық­­аралық сайыс­тарда спортшы сайып­қы­ран­дарымыз жеңіс тұғы­рына көтерілгенде асқақ­тай­ды. «Туған жерім менің – Қазақстаным!» деп Әнұранымыз шырқалып, көк туымыз биікте желбірейді. Өзі де еліміздің бейресми бір рәмізіне айналған әнші Димаштың Әнұраны­мыз­ды асқан шабытпен, нұрлы на­қышпен, бөлек мәнермен орын­да­ғаны елім, жерім деген әрбір жанның жұлын-жүйкесін шымыр­латты.

Айта кеткен жөн, көк байрақ тек бәсі жоғары спорт жарыстарын­да ғана емес, ғарыш стансасында жел­біреді. Ғарышқа бір емес, екі рет барып келген, екін­ші сапарында борт командирі ре­тінде ұшқан Талғат Мұсабаев ғарыш стансасынан бүкіл әлемге Мемлекеттік туымызды көтеріп тұрып, сөз толғады. Ал 2015 жылы үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовтің ұшуы барысында Мемлекеттік туымыз Жер планетасын 150 рет айналып шықты. Сонымен қоса көк байрағымыз әлемнің барлық құрлығында, оның ішінде Монблан (4 810 метр), Ленин (7 134 метр), Эверест (8 848 метр) сынды әлемнің ең биік шыңдарында желбіреді.

Еліміздің мемлекеттік рә­міз­де­рінің суреттері отандаста­­ры­мыздың негізгі құжаттары, атап айт­қанда, төлқұжат, жеке куәлік, туу туралы куәлік, дип­лом, аттестатта таң­ба­ланған. Мемле­кеттік туды немесе оның кішкентай кө­шірмесін өзге елге саяхат жа­са­ған жиһанкез жерлестеріміз, жан­күйерлеріміз үнемі өздерімен бірге алып жүреді. Бұл да азаматтардың пат­риоттық сезі­мін нығайтуға негіз болатын, әсер ете­тін мән-жайлар.

Жалпы, Мемлекеттік рәміздер – елдіктің, тәуелсіздігіміздің маңыз­ды, басты белгісі. Сол себепті оның тарихын, мән-маңызын терең білу, кеңінен қолдану, қадір тұту өскелең ұрпақ санасында пат­рио­тизм­ді қалыптастыру тұрғы­сынан алғанда да өте өзекті. Мем­лекеттік рәміздерімізді ұлық­тау тек 4 маусымда емес, жыл-он екі ай бойы­на жүйелі түрде жүргізілуі керек.

Тәуелсіздігіміздің алтын күм­­безі саналатын мемлекеттік рә­міз­­­де­ріміздің мәртебесі арта бер­сін. Бейбітшілік пен ынты­мақ­тың, бере­келі еңбек пен жасам­паздықтың алтын бесігі – Ота­нымыз гүлденіп, еліміздің Мем­ле­кет­тік туы биікте желбірей берсін.