Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы М.Абдусаломовпен кездесті.
Кездесуге Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заң шығару палатасы Халықаралық істер және парламентаралық байланыс жөніндегі комитетінің мүшесі А.Кадиров, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері М.Сәрсембаев, Т.Охлопкова, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Х.Абдурахманов қатысты.
Өзбекстан Ортсайлаукомының басшысы сөйлеген сөзінде әріптестеріне Қазақстандағы президенттік сайлауды транспаренттік және плюрализмнің демократиялық қағидаттарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуде табыс тіледі.
Қ.Тұрғанқұлов делегация мүшелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының президенттік сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі қызметімен таныстырып, ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктері туралы айтып берді.
«Сайлау науқанының үш үлкен кезеңі аяқталды, біз атқарушы органдармен бірге сайлаушылар тізімдерін нақтылау бөлігінде үлкен жұмыс жасадық, бұл туралы республика бойынша 1 қаңтардан бастап сайлаушылар санының 213 мыңнан астам адамға өскені куәландырады. Әр азамат өзінің конституциялық сайлау құқығын кедергісіз іске асыра алуы үшін қажетті барлық шаралар қолданылды. Дайындық күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау заңнамасының нормаларын бұзусыз өтуде. Бүгінгі күнге азаматтардың 94 өтініші келіп түсті, олардың 47-сі тікелей электораттық тақырыпқа қатысты», – деп атап өтті ол.
Кездесу соңында екі елдің Орталық сайлау комиссияларының басшылары сайлау тәжірибесін және сайлау заңнамасын жетілдіру саласында одан арғы ынтымақтастықтың және тәжірибе алмасудың жалғасатынына сенім білдірді.
* * *
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Украина Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Охендовскиймен кездесті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.Охлопкова, сондай-ақ, Украина Орталық сайлау комиссиясы төрағасының кеңесшісі В.Пироженко қатысты.
Ортсайлауком басшысы делегация мүшелерін Орталық сайлау комиссиясының президенттік сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі қызметімен таныстырып, сайлау науқанының ерекшеліктері, дауыс беру күніне дайындық барысы туралы айтып берді.
«Бүгін 24.00 сағатта кандидаттардың үгіт науқаны аяқталады. Ол белсенді, заң бұзушылықтарсыз өтіп жатыр. 25 сәуірде сайлаушылар сырттан ықпалсыз өзінің алдағы таңдауын біржола пайымдап, олардың ішіндегі осы уақытта өзінің мекенжайын өзгертетіндердің 18.00 сағатқа дейін дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға мүмкіндік беретін «тыныштық күні» басталады», – деді Қ.Тұрғанқұлов.
Украина Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Республикадағы шешуші күн қарсаңындағы сайлау ұйымдастырушылардың сайлау науқанына жақсы дайындалғанын куәландыратын бірқалыпты жағдайды атап өтті, сондай-ақ, байқаушы ретінде шақыруға алғысын білдіріп, дауыс беру күні игілікті жұмыс ахуалын тіледі.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты
Спорт • Бүгін, 18:19
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Бүгін, 17:39
Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:19
Теннис үстеліндегі сенсация: AI-робот кәсіби ойыншыларды жеңді
Теннис • Бүгін, 16:11
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:59
ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?
Әлем • Бүгін, 15:35
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Әлем • Бүгін, 15:04
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Спорт • Бүгін, 14:44
Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:28
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32