Оқиға • 04 Маусым, 2024

«Дүңгіршекті ұрлап кеткен»: ШҚО тұрғыны ұсталды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында дүңгіршек-павильонның ұрланғаны туралы тәртіп сақшыларына өтініш түскен екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дүңгіршекті ұрлап кеткен»: ШҚО тұрғыны ұсталды

Фото: eastkazpolice

ШҚО Полиция департаменті хабарламасында: «Өтініш берушінің айтуынша, белгісіз біреу еркін кіру арқылы оның дүңгіршегін жасырын түрде ұрлап кеткен, иесінің айтуы бойынша шығын 3 миллион теңгені құрайды», делінген.

Күдікті анықталды. 49 жастағы қала тұрғыны қылмысын мойындады. Полицейлер ұрланған павильонды заттай дәлел ретінде тәркіледі.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше