Білім • 05 Маусым, 2024

Су тасқыны болған Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсырады

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқыны болған Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсырады

Фото: Testcenter.kz

Бұл туралы Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлжансара Таңатарова мәлімдеді. 

«Жылыой ауданы бойынша 20 жалпы білім беру мектебі бар. Биыл 684 түлек он бірінші сыныпты аяқтап отыр. Оның ішінде 617 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтінім берді. Түлектер қазіргі уақытта мемлекеттік емтихандар тапсырып жатыр. Бір түлек денсаулығына байланысты Атырау облыстық білім беру басқармасының бұйрығымен мемлекеттік емтиханнан босатылды», деді Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ Жылыой ауданы бойынша 9 сыныпты аяқтаған оқушылардың 30 пайызы ары қарай колледждерде білім алуды шешкен. 

«Биыл Жылыой ауданы бойынша 1606 оқушы 9 сыныпты бітіреді. Қазіргі уақытта бұл сыныпты бітірген оқушылар да мемлекеттік емтихан тапсырып жатыр», деді Гүлжансара Таңатарова.