Аймақтар • 06 Маусым, 2024

Ақтөбеде сынақ екі орталықта тапсырылады

26 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында ҰБТ тапсыру 25 мамырда басталды. Сынақ тапсырудың ең соңғы күні –12 шілде. Өңірдегі 321 орта мектептің 11-сыныбын 9 236 түлек аяқтады. Облыс­тық білім басқармасының хабарлауынша, негізгі ҰБТ-ға тір­ке­лу 6 мамырда бас­талып, оған 8 342 түлек (барлық мектеп біті­р­у­шілердің 90,2 %-ы) екі рет тест тапсыруға 16 556 өтініш берген. Өткен жылы мектеп бітіргендер мен кол­ледж­­дердің 994 түлегі (толық оқу мерзіміне) және қыс­қар­тылған оқу мерзіміне түсетін 289 колледж түлегі ҰБТ тап­сыруға кірісті. Жексенбіні есептемегенде, 12 шіл­деге дейін әр аптаның алты күнінде тестілеу өтеді.

Ақтөбеде сынақ екі орталықта тапсырылады

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Өңірде екі тест өткізу пунк­­­­ті ашылған. Оның бірі – ­об­лыс орталығындағы Есет ба­­тыр көшесі, 107/2 мекенжа­йын­да, екіншісі Шалқар қала­сын­да­ғы Ә.Жангелдин көше­сі, 89А ме­кенжайында орна­лас­қан же­ке­­меншік «Ustudy» тест орта­лық­тары. «Ustudy» тест орта­­лы­­ғы Ақтөбеде 231, Шалқар қа­ла­­сындағы орталық 49 орын­ға не­­гіз­делген. Тестілеу орта­лы­ғы­­ның дәрісханалары мен дә­ліз­дері бейнебақылау жүйе­сі­мен жабдықталған. Ақтө­бе­дегі орталық бір күнде екі лек­­пен 560 түлекті сынаққа кір­гізіп жатыр. Ұлттық тестілеу ор­та­лығы мамандарының тобы қа­зір Ақтө­бе­де қызу жұмысқа кіріскен. Ұйым­дастырушылар таңер­теңгі­лік уа­қыттан бастап тесті­леуге тыйым салынған зат­тарды алып кірмес үшін металл іздегіштермен тек­серіп кіргізіп, сынақ барысын бей­не­­ка­мералардан бақылайды. Әзір­­­­ше заңбұзушылық тір­­кел­­­г­ен жоқ. Алғашқы ең жо­ға­­­­­ры ұпай жинаған ақтөбелік оқу­­­­шы тіркелді. Ол қаладағы М.Құр­­­манғалиева атындағы №32 гим­­­на­з­­ия түлегі, «Ал­тын бел­­гі­ге» үміткер – Айшат Са­ғы­­­нае­ва. Айшаттың жинаған ба­лы – 137.

Биыл да ҰБТ-дағы ең жоғары балл – 140. Оған қоса сынақ тапсыратын пәндер саны өзгеріссіз қалды. «Оқу сауаттылығы» және «Ма­те­матикалық сауаттылық» пән­дерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарса, кері­сін­ше бейінді пәндерден сұрақ саны 70-ке дейін артқан. 

 

Ақтөбе облысы