Спорт • 05 Маусым, 2024

Мықтылар іріктеледі

98 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мажарстанның астанасы – Будапеште күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр. Осы жарыста жақсы нәтиже көрсеткен балуандар UWW рейтингінде жоғарылайды. Ал оның пайдасы Олимпия ойындарының жеребе тартылатын кезде анық сезіледі.

Мықтылар іріктеледі

Фото: gov.kz

9 маусымға дейін созылатын дү­бірлі додада Париж Олимпиадасына қатысқан балуандардың барлығы, басқа да спортшылар күш сынасады. Жарыс жо­лы­­на шығатын 313 қа­тысушының 134-інің қоржынында жол­дама бар. Грек-рим күресінен өте­тін бәсекеде қазақ елі намысын Айдос Сұлтанғали (60 кг), Демеу Жадыраев (77 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов пен Шә­міл Ожаев (86 кг) және Әлімхан Сыз­­дықов (130 кг) қорғайды. Еркін кү­рес шеберлерінің тартысында Аза­мат Дәу­летбеков (86 кг), Әлішер Ер­ғали мен Ри­забек Айтмұхан (97 кг) және Юсуп Батырмұрзаевтың (125 кг) өнерін тамашалаймыз. Әйел­дер күресінен Эмма Тисина мен Ма­рина Седнева (55 кг), Диана Каю­мо­ва мен Ирина Кузнецова (59 кг), Ирина Казюлина (65 кг) және Жә­миля Бақбергенова мен Гүлмарал Ер­кебаева (72 кг) бозкілемге шығады.

– Бұл Олимпиада қарсаңындағы ең соңғы сынақ. Будапештегі бәсекеден кейін қорытынды рейтинг шығарылады. Соның негізінде төртжылдықтың бас­ты додасының жеребесі тартылады. Яғни рейтингте жоғары тұрған ба­луан­­дар өзінен біршама төмен жай­ғас­қан спортшылармен ше­бер­лік бай­қасады. Бұл мүмкіндікті біз қалт жі­бермеуге тиіспіз. Қазіргі кезде Аза­мат Дәулетбековтің ғана есебі түгел. Ол рейтингте бірінші орында тұр. Қалған­дарының ұпайы кем. Мажар­станда сол олқылықтың орнын тол­тыруға барынша күш салуға тиіспіз, – дейді еркін күрестен мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қанатқанов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында Олим­пиаданың жеті жолдамасы бар. Оның төртеуін грек-рим күресінен иеленсек, үшеуі еркін күрес шеберлерінің ен­шісінде. Ал әйелдер күресінің өкіл­де­ріне бірде-бір лицензия бұйырмады.

 

Соңғы жаңалықтар

Ер жігітке ерлік жарасады

Қоғам • Бүгін, 11:20

Аңызға бергісіз өмір

Еңбек • Бүгін, 11:10

Шеттің шаруақор әкімі

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Қызмет жас буынды шыңдайды

Еңбек • Бүгін, 10:40

Жастарға – мол мүмкіндік

Жастар • Бүгін, 10:30