Экология • 10 Маусым, 2024

Елді мекендерді көгалдандыру мәселесі талқыланды

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда республикамыздың қалалары мен елді мекендерін көгалдандыру мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елді мекендерді көгалдандыру мәселесі талқыланды

Фото: gov.kz

Іс-шараға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан ғылыми-зерттеу институттарының белгілі ғалымдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мемлекеттік ботаникалық бақтардың басшылары, жетекші ландшафт сәулетшілері және тағы басқалар қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің қалалары мен елді мекендеріндегі көгалдандырудың қазіргі жай-күйін бағалап, жасыл желектерді түгендеу және цифрландыру мәселелерімен танысты.

«Біз мұнда өзекті мәселелердің бірі – елді мекендерде сапалы жасыл желектерді құру бойынша күш-жігер мен білімді біріктіру үшін жиналдық. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл мәселеге үлкен мән беріп, осы мәселені шешуге бағытталған ғылыми зерттеулер мен практикалық жобаларды қолдауға дайын», деп атап өтті министр өзінің құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ қазіргі уақытта жоспарлау құрылымының барлық элементтерін теңгерімді және өзара байланысты дамыта отырып, көгалдандыру және жайлы тіршілік ортасын құру үшін өсімдіктерді таңдаудың ғылыми негізделген тәсіліне негізделген түбегейлі жаңа әдістемелерде қалалық көгалдандыруды ұйымдастыру принциптерін қайта қараудың шұғыл қажеттілігі туындағаны атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар қалалық көгалдандыру мәселелерін шешуде, өсімдіктердің ассортиментін таңдауда, оларды бақылау мен күтуде ғылыми тәсіл бойынша ұсыныстар әзірледі.