Қазақстан • 11 Маусым, 2024

Қазақстан-Корея арасында мәдени-гуманитарлық байланыс нығая береді

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға мемле­кет­тік сапары қарсаңын­да Корея Республикасы­ның Президенті Юн Сок Ёль «Egemen Qazaqs­tan» газеті­не берген арнайы сұхбаты барысында екі ел арасын­дағы мәдени-гуманитарлық сала маңызды рөл атқаратынын атап  өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан-Корея арасында мәдени-гуманитарлық байланыс нығая береді

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Корея Президентінің айтуынша екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуда шынайы, сенімді гумани­тарлық және мәдени алмасулар маңызды рөл атқарады. 2010 жылы Корея Респуб­ли­касы Орталық Азиядағы тұң­ғыш Корей мәдени орталығын Астанада ашты және содан бері екі халық арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге бағыт­­талған түрлі мәдени іс-шара­­лар өткізіп келеді.

«Мысалы, 2022 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Корея мен Қазақстан 2022-2023 жылдарды «Өзара мәдени алмасу жылы» деп жариялады. Сондай-ақ анимация, театр, жастар өнері, K-pop сияқты салаларда ынтымақтастық ілгерілеп, екі ел халқы үшін етене түсіністік орнады. Осы бағытта мәдени және гуманитарлық алмасулар жыл сайын кеңейе бермек», дейді Юн Сок Ёль.

Корея Үкіметі қыркүйек айын­да Астанада өтетін «Comic Con» көрмесінде Корей жарнама орталығын құруды жоспарлап отыр. Онда K-pop қойылымдары мен дәстүрлі қолөнер сияқты көптеген қызықты іс-шаралар көрсетіледі.

Сонымен қатар Кореяның Куаңжу қаласында орналасқан «Азия мәдениеті мұражайы» келе­сі жылдан бастап халқы­мыз­ды Орталық Азияның мәдени мұрасымен, соның ішінде Қазақ­станмен жүйелі таныстыруды қолға алып, арнайы көрме өткізуді жоспарлап отыр.