Өнер • 12 Маусым, 2024

Тың тәжірибе – мол білік

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен мәдениет саласын ілгерілету аясында бірқатар бастама қолға алынды. Оның ішінде халықаралық мәдени ынтымақтас­тық­ты дамыту іс-шаралары да бар. Мәселен, жуырда мәдениет саласының қызметкерлері кезекті ­рет Франция, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Түркия, Аустрия, Венгрия, ­Грузия және басқа елдердің жетекші әлемдік мәдени орталықтарында біліктілігін арттырып, оқып ­­к­елді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, олар – кітапханашы, мұражайтанушы, мұрағатшы, ­хайуанаттар бағының ветеринары, цирк және театр әртістері.

Тың тәжірибе – мол білік

Сондай-ақ мегаполистің мә­дени нысандары 100% ренова­циялық жаңарудан өткізілмек. Қызметкерлер теорияда да, практикада да заманауи стандарттар мен клиентке бағытталған коммуникацияны зерттеуге баса назар аудара отырып, жаңа дағдылар мен құзыреттерге ие болады.

Халықаралық тәжірибе барысында музей қызметкерлері Фран­цияның ұлттық ескерт­кіш­тер орталығында білім алып, ­«Musée du Louvre» жұмыс әдіс­терін зерттеді.

Ал алматылық кітапханашы­лар Сеул кітапханаларында «Ga­chon University», «Namsan Pub­lic Library», «Starfield Library», «Nlcy», «Seoul Women's University Library» және «Chung Ang University Library» сынды тағылымдамадан өтті.

Алматы циркінің әртістері алғаш рет Бейжің халықаралық акробатика мектебінде және Ресей театр өнері институты – ГИТИС-те біліктіліктерін арттырды.

«Мәдениет саласының қыз­­­мет­керлері алғаш рет осындай біре­гей мүмкіндікке ие болды. Әлем­нің жетекші мәдени орталық­тары­ның қабырғасында оқып, кәсіби дағдыларын жетілдірді. Қала әкімі Ерболат Досаев атал­ған са­ланы дамытуға ерекше көңіл­ бө­леді. Бұл ауқымды іс-шаралар­ды өткізу, мәдениет нысандарын жаңғырту қызметкерлердің ой-өрісін дамытуға сөзсіз әсер етеді. Цирк және жергілікті ­театр әртіс­тері, мұражайтанушы мен кітапханашылар, сондай-ақ хайуанаттар бағы мен мұрағат қызметкерлері – кейінгі екі жылда 200-ге жуық маман шетелде оқып келді», дейді Алматы қа­ла­сы Мәдениет басқармасының өкілі.

Айта кетейік, аталған сала қыз­­меткерлерінің біліктілігін арт­тыру ел мәдениеті мен туризмі­нің дамуына қай жағынан да тиім­ді. Мәселен, 2023 жылы туризм сек­торы мегаполис бюджеті­не 71,7 млрд теңгеден астам салық түсімдерін әкелген. Яғни былтыр Алматыға 2 миллион турист келді. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш.