Қоғам • 13 Маусым, 2024

Пойызда немесе ұшақта санитарлық ереженің бұзылғанын байқасаңыз, не істеу керек

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пойыздар мен ұшақтарда гигиеналық нормалардың бұзылуы туралы қалай және қайда хабарлау керегін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пойызда немесе ұшақта санитарлық ереженің бұзылғанын байқасаңыз, не істеу керек

Өтінішсіз органдар тексеруді бастай алмайды.

- Санитарлық ережелерді бұзушылықтар, соның ішінде жәндіктер, кеміргіштер анықталған жағдайда, бұл туралы жолсерікке немесе стюардессаға дереу хабарлаңыз және бұзушылықты жоюды талап етіңіз. Өз бетіңізше әрекет етуге тырыспаңыз. Кәсіби мамандарға сеніңіз-олар дайындалған. Бұл мәселені шешу және сіздің жайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Көптеген бұзушылықтар сол жерде жойылады, - деп атап өтті департаментте.

Егер бұзушылық жойылмаса немесе азамат оқиға туралы уәкілетті органдарға хабарлауды қажет деп санаса, көліктегі ССЭК-ке өтініш жіберуге болады. Өтініште тасымалдаушының атауын, байланыс деректерін, жол жүру билетін көрсету, сондай-ақ дәлелдемелерді ұсыну қажет: фото, аудио немесе видео.

Өтінішті қалай беруге болады:

"Өтініш беру" қызметін таңдап, e-Otinish порталы арқылы;

Ээлектрондық пошта арқылы dsekt@dsm.gov.kz мекенжайына жіберу арқылы;

Қарау мерзімі - 15 жұмыс күні, бірақ созылуы мүмкін.