Қоғам • 17 Маусым, 2024

Телефон номері арқылы алаяқтықты анықтайтын бот іске қосылды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қалалық прокуратурасы телефон номері арқылы алаяқтықты алдын ала анықтайтын ботты іске қосты, деп жазады Egemen.kz.

Телефон номері арқылы алаяқтықты анықтайтын бот іске қосылды

Фото: fingramota.kz

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтықпен күрес және алдын-алу шеңберінде ықтимал алаяқтарды анықтау мақсатында телефон нөмірлерін тексеру үшін арнайы «Алаяқтыққа қарсы» «WhatsApp» бот (+7-747-680-02-10) әзірледі.

«Жоба тауарларды сату-алу, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді алу кезіндегі алаяқтық әрекеттерден қаржылық шығындар мен басқа да жағымсыз салдарлардың тәуекелдерін барынша азайтуға көмектеседі», делінген прокуратура хабарламасында.