Қоғам • 19 Маусым, 2024

Айдос Садықовтың отбасына көмек көрсету тапсырылды - Берік Уәли журналиске жасалған қастандық туралы

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі Берік Уәли Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған шабуылға қатысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Айдос Садықовтың отбасына көмек көрсету тапсырылды - Берік Уәли журналиске жасалған қастандық туралы

Фото: akorda.kz

Берік Уәли Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның құқық қорғау органдары белгіленген рәсімдерге сәйкес қосымша ақпарат алу үшін Украина тарапына жүгінетінін, қажет болған жағдайда тергеуге ат салыса алатынын мәлімдеді.

«Айдос Садықов тағылған айыптарға қарамастан, ең алдымен Қазақстан азаматы болып табылады. Тиісінше, ол және оның отбасы өз құқықтарын пайдалана алады. Конституцияға сәйкес, олар мемлекеттен тыс жерлерде өз еліне арқа сүйеп, ел азаматы ретінде қорғалатынына сенімді бола алады. Сондықтан Президент тиісті мемлекеттік және дипломатиялық қызметтерге, егер олардың келісімі болса, Садықовтар отбасына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды», деп түсіндірді Берік Уәли.

Еске салайық, 2024 жылдың 18 маусымында Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасалғаны белгілі болды.