Тағайындау • 20 Маусым, 2024

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен аппарат басшысының орынбасары болып Ерік Жұмабай тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Жұмабай Ерік Жұмабайұлы 1988 жылы дүниеге келген. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторы болып бастаған.

Ол соңғы жылдары қаржы полициясы органдарында түрлі қызметтер атқарды.