Білім • 20 Маусым, 2024

Астанада Президент оқыған Қытай университетінің филиалы ашылады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылғы 20 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған Пекин тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Президент оқыған Қытай университетінің филиалы ашылады

Фото:sacteach.com

Министрдің айтуынша, ҚХР төрағасының сапары аясында Қазақстанда Пекин тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу туралы шешім қабылданды. Бұл Қытайдың жетекші лингвистикалық, аудармашылық және педагогикалық университеті.

«Бұл университеттің бас түлегі - біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Ол сол жерде қытай тілін үйренді. Ресми ашылу шілде айының басында өтеді. Бұл HSK-тің алғашқы сертификаттау орталығы болады. Бұл TOEFL немесе IELTS сияқты қытайлық сертификат. Енді қытай тілін үйренгісі келетіндерге ешқайда барудың қажеті жоқ, Астанада тапсыруға болады», деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, Пекин тіл және мәдениет университетінің филиалы ЭКСПО аумағында жұмыс істейді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті