Ауа райы • 21 Маусым, 2024

Бүгін еліміздің жеті облысында аптап ыстық күтіледі

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін күндіз Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының батысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының батысында, орталығында қатты ыстық сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің жеті облысында аптап ыстық күтіледі

Фото: freepik

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.