Спорт • 24 Маусым, 2024

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының медальдары таныстырылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын ұйымдастыру және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында медальдарды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының медальдары таныстырылды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қола қорытпасынан әзірленген медальдің ортаңғы тұсында көшпелілер өркениетінің белгісі – ат үстіндегі «Күн басты» адамның таңбасы бар.

«Медальдің контуры ұлттық символымыз - шаңырақ түрінде жасалған. Медаль таспасы сердолик минералының ерекше түсіне боялған. Онда ойындардың өтетін орны мен уақыты көрсетілген естелік жазба бар», деді спикер.

Соңғы жаңалықтар

Ең қиын есеп шешімін табады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Кофе жасартады

Таным • Бүгін, 08:30

Астанада – әлем кубогі

Бокс • Бүгін, 08:25

3 тұрғыны бар мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сөз қазынасын зерделеген

Тұлға • Бүгін, 08:15