Қоғам • 24 Маусым, 2024

Жазғы демалыс қалай өтеді?

35 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жазғы демалысқа шыққан балалардың бір ермегі – оқу. Осы орайда оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында еліміздің республикалық, облыс­тық және қалалық деңгейдегі кітапханалары жазда жалпы саны 41 922 іс-шара өткізбек.

Жазғы демалыс қалай өтеді?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Атап айтсақ, Ұлттық академиялық кітап­ханада ертегі терапия, интеллектуалды квест және кітап акциялары мен экскурсиялары жоспарланып отыр.

Алматы қаласындағы за­ғип және нашар көретін аза­маттарға арналған респуб­ликалық кітапханада балаларға арналған тифлотүсініктермен ер­тегілер көрсетіледі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйір­мелері бойынша турнирлер ұйымдастырылады.

Ал Ақмола облысында ас­­­фальттағы флеш-сурет­тер бай­қауы, book land, дом­бы­ра-батл, ашық аспан ас­тында өтетін іс-шаралар жоспар­лан­ған.

Солтүстік Қазақстан облысында «Бала тілі – бал», «Ертегіні табыңыз», «Возьми книгу в дорогу» сынды түрлі тақырыптар аясында балалардың жас ерек­шеліктеріне қарай түрлі іс-шара өтеді.

Сондай-ақ Қостанай облысында «Шекарасыз балалық шақ», «Кітаптарда демалыс жоқ», басқа да танымдық жиын­дар ұйымдастырылады.

Түркістан облысында жазғы балалар байқауы, библиопикник, үйірмелер өтеді. Бұдан бөлек Абай облысында жаз айларында 12 бағыт бойынша жоба жұмыс істейтін болады.

Ал Ақтөбе облыстық кі­тап­ханалары квест ойындар, ш­еберлік сағаты мен «Оқитын дос іздеймін» жазғы оқу жобасын ұйымдастырмақ.

Алматы облысының кітап­ханаларында кітап көр­месі, сурет салу байқауы өтеді. Аты­рау облысында «Кітаппен бірге өткен жаз» жобасы іске асырылмақ.

Сонымен, өңірлер бо­йынша ең көп іс-шара Ақ­мола, Солтүстік Қазақстан және Қос­танай облыстарында жос­парланған. Астана, Алма­ты және Шымкентте жас оқыр­мандар үшін 2000 іс-шара ұйым­дастырылады. Ал Ұлт­тық кітапхана мен Ұлттық акаде­миялық кітапхана, Зағип және нашар көретін азаматтарға ар­налған республикалық к­ітапхана 197 іс-шара өткізеді.