Қоғам • 28 Маусым, 2024

Жаңа жинақ таныстырылды

46 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Taldau talks» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Онда ОДМ-ның бес негізгі мақсатына арналған жинақ көпшілікке таныстырылды. Аталған еңбекті Парламент Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері мен «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының үшінші кезеңінің түлектері бірлесіп әзірледі.

Жаңа жинақ таныстырылды

Фото: aikyn.kz

Мемлекет басшысы «Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы про­гресті жеделдетудің негізгі өтпелі үде­ріс­терге қатысты ауқымды іс-қи­мыл­дарды жандандыру» атты Көшбас­шылар диалогінің бірінші сессиясында сөй­леген сөзінде ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде ор­нықты даму қағидаттарының ма­ңы­зы зор екенін атап өтті. Мемле­кет бюд­жеті­нің 80 пайызы орнық­ты даму мақсаттарына сай келеді.

ОДМ-ға қол жеткізу мәселелеріне ар­налған материалдар жинағы – талдау­шы­­лар мен менторлардың «Талдау мек­тебі – Школа аналитики» жобасы­ның оқы­ту курсы аясындағы топтық жұмысы­ның қорытындысы. Оның нәтиже­лері ор­талық және өңірлік деңгейлер­де назар­ға алынады. Жинақта талқылан­ған мақ­­саттар кедейлікті жою, денсау­лық сақ­­тау мен білім деңгейін арт­тыру, су сапа­сын жақсарту және экономикалық өсу мәсе­лелеріне қатысты екенін атап өткен жөн.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Парламент Үкіметпен, азаматтық қоғамдастықпен және сарапшылармен бірге Ор­нық­ты даму мақсаттарын іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Біз Орнықты даму саласындағы ұлттық мақ­саттар мен міндеттердің іске асыры­луына мониторинг жүргізу жөнін­дегі Парламенттік комиссия аясын­да Біріккен Ұлттар Ұйымының құры­лым­дарымен белсенді байланыс орнаттық. Осы тұрғыдан келгенде, Талдау мек­тебінің тақырыбы аталған бағытпен үндес екенін айта кеткен жөн. Алдағы уақытта жарық көріп отырған жинақ мүдделі мемлекеттік органдарға, талдау орталықтарына және университеттерге жіберіледі», деген Палата спикері Мәулен Әшімбаев қатысушыларға жобаның идеясын қолдағандары үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар сарапшылар Мем­лекет басшысының тапсырмасымен құрылған Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссия аясында орнықты дамудың қалған мақсаттары бойынша да жобалар әзір­леу және бірлесіп жұмыс істеу бағы­тындағы бастамаларды талқылады.

Жинақты таныстыру барысында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлес­­тірушісі Микаэла Фриберг-Стори, эконо­­мист Алмас Чукин, медиа-менеджер Эль­мар Муртазаев және тағы басқа сарап­шылар сөз сөйлеп, ұсыныстарын білдірді.

«Taldau talks» диалог алаңының алғашқы отырысы биыл наурыз айында өтті. Ол кезде іс-шараға арнайы шақырылған спикер Орталық Азия тақырыбы бойынша белгілі америлық маман Фредерик Старр сөз сөйлеген еді.