Спорт • 01 Шілде, 2024

«Азия балалары» ойындары: Қазақстан спортшысы чемпион атанды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Якутск (Саха Республикасы, РФ) қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында Қазақстан дзюдошылары 3 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

«Азия балалары» ойындары: Қазақстан спортшысы чемпион атанды

Фото: qaz _team_official, инстаграм

60 кг салмақ бойынша барлық белдесуінде қарсыластарын қапы қалдырып, финалда Мәскеу қаласы командасының спортшысын жыққан Бақдәулет Қабдешов чемпион атанды.

Қазақстанның тағы бір спортшысы Мырзатай Қыдырбай (66 кг) күміс еншіледі.

Ал Дәулеткерей Сейфил (73 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

Аталған чемпионатта дзюдодан басқа да салмақ дәрежелері бойынша белдесулер өтеді.