Қоғам • 02 Шілде, 2024

«Самұрық-Қазына» сатып алу ережесін жетілдірді

101 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» қоры сатып алу жүйесін үнемі жетілдіріп келеді. Еске салып өтсек, 2022 жылы 1 сәуірде қордың директорлар кеңесі сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәртібін бекітті. Биыл сәуір айында кезекті түзетулер қабылданып, сатып алулардың ашықтығына және елішілік құндылық үлесінің ұлғаюына ерекше назар аударылды.

«Самұрық-Қазына» сатып алу  ережесін жетілдірді

Отандық бизнесті қолдау

Стратегия және активтерді басқа­ру жөніндегі басқарушы директор Николай Казутиннің айтуынша, қор Үкіметпен бірлесіп әзірленген сатып алулардағы отандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік беретін шараларды іске асырды.

«Қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде қор бірнеше бағытта жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда сатып алуға қатысудың барлық тізбегі бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдаудың 14-тен астам тетігі қарас­тырылған. Сатып алулар жүйе­­сінің ашықтығын арттыру мақса­тында Қаржы министрлігімен, Қар­жы мониторингі агенттігімен, Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігімен, сондай-ақ «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесімен бірлесіп әзірленген», деді Николай Казутин.

Енгізілген өзгерістің негізгісі – офтейк-келісімшарттардың үлесін арттыру. Мысалы, биыл портфельдік компаниялардың басшылары үшін офтейк-келісімшарттардың үлесін сатып алу қызметтерінің жалпы көлемінен 10% кем түспейтін деңгейде ұлғайту бойынша пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) белгіленді. Жаңа өндірістерді құруға бағытталған бағдарлама нәтижелері бойынша 74 жоба мақұлданып, 145 млрд теңге сомасында 595 офтейк шарт жасалды.

«Бағдарлама ішкі нарықта өнім тапшылығы болған кезде 20 жылға дейінгі мерзімге офтейк-шарттар жасасу мүмкіндігін көздейді. Келі­сімшарт жасасу кезінде өндіру­ші­лерге, оның ішінде ірі кәсіп­орындарға өз өндірісінің айналасында шағын бизнес белдеуін құру жөнін­дегі міндеттемелер белгілеу мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Мыса­лы, олар тендер­лік өтінімді қамта­масыз етуді енгізуден босатылып, қор кемін­де 30% мөлшерінде міндетті аванс белгіледі», деді «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары Эльдар Доскенов.

Қабылданған шаралардың ішін­­­де отандық тауарларды сатып алу бойын­ша міндеттемелерді орындамаған жағдайда құрылыс-монтаж жұ­мыс­тарының мерді­герлері үшін жауап­­кершілік күшейтілді, сондай-ақ қор компаниялар тобы сатып ала­­тын жұмыстар мен қызметтерді жеткі­зушілерге жергілікті өндіруші­лерден тауарларды сатып алу міндеттелді.

Электрондық сатып алу жүйесінің артықшылықтары

Сатып алу жүйесін жетілдіру де – маңызды фактор. Бүгінгі күні жүйеде 160 ұйымның тауары, жұ­мысы мен қызметтері сатылады. Бір­қатар үдерісті автоматтандырудың арқасында жеткізушілердің қорды сатып алу қызметіне қатысу рәсімі жеңілдетілді. Яғни техникалық сипаттамалар, электрондық шот-фактуралар, тендерлік өтінімді қамтамасыз ету және басқа да үдерістер кіреді.

Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін сүйемелдеу департаментінің директоры Айдос Мұстафиннің сөзінше, жүйе арқылы жылына 3,7 трлн теңгеден астам сомаға сатып алу жүргізіліп, 85 мыңнан астам шарт жасалады. Күн сайын zakup.sk.kz платформасында 250-ден астам конкурс өткізіледі және олардың әрқайсысына орта есеппен 5 әлеуетті өнім жеткізуші қатысады.

«Қазіргі уақытта жүйеде 104 мың­ға жуық әлеуетті өнім жеткізу­ші тір­келген. Жүйе қор компания­лары­ның қажеттіліктерін, сатып алу мерзімдерін, шарттарын және бәсеке­лестік орта туралы ақпаратты көруге мүмкіндік береді», деп атап өтті Айдос Мұстафин.

«Самұрық-Қазына» сатып алудың ашықтығын қалай бақылайды?

«Ашықтық деңгейін арттыру және заң бұзушылықтарды болдырмау үшін қорда сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жұмыс істейді. Осы жылдың алғашқы 6 айын­да осындай 3 000-нан астам өтініш қаралса, өткен жылы 6 000-нан астам өтініш өңделген. Сатып алу жоспарлары, тендер және қор мен еншілес компаниялардың шарттары туралы ақпарат қолжетімді», деп атап өтті «Самұрық-Қазына Контракт».

Сондай-ақ өткен жылдан бастап платформада жаңа функционал іске қосылды. Ол жерде әлеуетті өнім бе­рушілер сатып алу тәртібінің жеке­леген нормаларының ресми түсіндір­месімен таныса алады.

Нұрай САПАРБЕКОВА