Bloomberg мәліметінше, осының нәтижесінде күн сайын шамамен 200 мың баррель мұнай жеткізуге жол ашылады. Жаһандық нарықтағы тұрақсыздық жағдайында бағыттың тұрақтылығын сақтау мүмкін болады.
Мұндай қадам Парсы шығанағы елдерінен жеткізілімге қатысты шектеулерге, Ормұз бұғазы маңындағы қауіптерге және Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты қабылданып отыр.
Мұнай бағасы барреліне 115 долларға жетті: Рекордтық өсім тіркелді
Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім Ресейдің экспорттық ағындарын қолдайды, Қазақстанның транзиттік рөлін күшейтеді және балама жеткізу бағыттарына түсетін қысымды азайтады.
Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей тараптары транзит көлемін жылына 12,5 млн тоннаға дейін арттыру мүмкіндігін талқылап жатыр.