Аймақтар • 02 Шілде, 2024

Нұрлан Қоянбаев қызметін тегін атқарады - Түркістан облысының әкімі

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаевты не үшін штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Қоянбаев қызметін тегін атқарады - Түркістан облысының әкімі

- Штаттан тыс кеңесші. Оған ешқандай айлық төленбейді. Қаржы бөлінбейді. Қайта біз оның тәжірибесін пайдаланып, істеп отырмыз, - деді әкім.

Дархан Сатыбалды сонымен бірге Нұрлан Қоянбаев өңірдегі нақты қандай мәселерді шешуге көмектесетінін түсіндірді.

- Туристерді тарту үшін, креатив индустрия деп жатырмыз, соны дамыту үшін. Қазір сондай бір орталық ашып жатырмыз, соған өзінің кеңестерін береді. Тәжірибесі бар жігіт, неге тартпасқа? Түркістанға кім пайдасын әкелсе, бәрімен жұмыс істеймін, - деді Түркістан облысының әкімі.

Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше