Әдебиет • 03 Шілде, 2024

Қаламы құтты Қазбек

192 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Егеменнің» елдегі тілшілері шетінен елгезек. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, өз өңірлеріндегі өзекті жаңалықтарды жеделдетіп жалпақ жұртқа жеткізуге асығады. Әріп­тестеріміз, әрине, әртүрлі тақырыпта қалам тербейді. Әйтсе де олардың әрқайсының оң жамбасына келетін, келістіріп жазатын дүниелері болады.

Қаламы құтты Қазбек

Мәселен, Батыс Қазақ­стан облысындағы қа­ламдасымыз Қаз­­­бек Құттымұратұлы көне т­а­рих­тың көмбесін ақтаруға құ­мар. Жайылып аққан Жа­йықтың арғы-бергі бетінде ол көр­меген ой-шұқыр кемде-кем. Арасында анау Маңғыстаудағы Светқали Нұржан ағасы секіл­ді ен даланы еркін кезіп, ескі мола­лардағы құм басқан құлпы­тас­тардағы құпия жазуларды оқитын «оғаштау» әдеті тағы бар. Ел жадынан шығып, ескерусіз қалған ерек тұлғалардың талайын қайта тірілтті.

Былтыр күзде іссапармен Оралға барғанымызда, есті сөзге үйір Ерболат Қамен інім екеу­­­­мізді қасиетті Нарын­ның қа­лың құмын қақ жарып Бө­кей ордасындағы Жәңгір бабамыздың басына апарғаны, Жасқұстағы «айналасы айшылық, көлденеңі күншілік», «алпыс бөлме жүз есік» хан сарайын аралаған сәулелі сәттер сірә, естен кетер ме? Ба­тыс алаш­орданың байрағын жел­біреткен Жымпиты жеріндегі жылы жүздесулер де ұмытыла қоймасы анық. Жол бойы ел, жер, тұлпар мініп, ту ұстаған ерлер хақында айтқан ағыл-тегіл әңгімесі де жадымызда әлі жаңғырып тұр.

Кеше редакциямызға қуа­нышты хабар жетті. Қаламымен руханият кенін қазып жүрген Қазбек Құттымұратұлы облыс әкімдігінің ұсынуымен «Құр­мет» орденімен марапатталыпты. Бұл биыл «Егемен» ен­шісіне тиген екінші «Құрмет». Біріншісін Президент қолынан – осы Қазбектің ҚазМҰУ-да бірге оқыған курстасы Айүл Ахан­бай­қызы алды.

Ендеше, екі әріптесіміздің де жазары көбейіп, қаламының сия­сы кеппесін!

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50