ПЕТРОПАВЛ. 11 маусым. Облыс орталығында халықаралық стандарттағы “Hampton by Hilton” қонақүйінің құрылысын бастауға арналған шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қатысып, инвестор “Nord hotel Group” ЖШС-нің игілікті ісіне сәттілік тіледі. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш нысанның құрылтайшысы Дмитрий Кошелевтің айтуына қарағанда, қонақүйдің жобасы арнайы тапсырыс бойынша Мәскеуде жасалған. Жобаның құны 300 миллион ресей рублін, жалпы аумағы 10900 шаршы метрді құрайды. Құрылысқа “Nord hotel Group” ЖШС-нің жеке инвестициясы жұмсалады. Сонымен бірге банк несиесінің сыйақысын демеуқаржыландыруға және инфрақұрылымдар тартуға “Бизнестің жол картасы - 2020” бағдарламасы мен “Даму” қоры арқылы мемлекеттік қолдау көрсету жоспарланған. Бас мердігер – “Ударник СК” ЖШС.
Жеті қабаттан тұратын 4 жұлдызды көпбейінді қонақүй кешенінің жоғарғы 5 қабатында 120 нөмір орналасады, оның 2-уі – президенттік, 2-уі – люкс, 10-ы – делюкс, 106-сы – стандартты нөмірлер. Заманауи ғимаратта конференция залы, фитнес орталығы және мейрамхана орналасады, ал төменгі екі қабат сауда бутиктері мен супермаркеттерге арналады. Облыста теңдесі жоқ құрылысты 2016 жылы маусым айында Қызылжар өңірінде Қазақстан және Ресей Президенттерінің қатысуымен өтетін аймақаралық форум қарсаңында аяқтау көзделіп отыр.
«Халықаралық талаптарға жауап беретін алғашқы көпбейінді қонақүй кешені өңірде іскерлік туризмді дамытуға, қонақтарды жоғары деңгейде қабылдауға мүмкіндік береді. Инвестор мен бас мердігер құрылысты уақытылы іске қосуға беруге уәде етіп отыр», дей келіп, облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов жергілікті құрылыс материалдарын барынша пайдалануды атап көрсетті.
«Мен Петропавл қаласының тумасымын. Осында тұрамын. Өз жерімнің патриоты ретінде облыс орталығында басқаларға ұқсамайтын бірегей нысан салуды ойластырып жүргенмін. Ол үшін барлық мүмкіншілікті пайдаланамыз, деді инвестор Дмитрий Кошелев.
Салтанатты рәсімнен кейін “Hampton by Hilton” қонақүйінің құрылысына арналған капсула тасқа бұрғыланған ойыққа орнатылды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz
• 11 Маусым, 2015
Петропавлда көпбейінді қонақ үйдің құрылысы басталды

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше