Қазақстан • 04 Шілде, 2024

Антониу Гутерриш Димаш Құдайбергенмен тілдесті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) ізгі ниет елшісі әрі танымал әнші Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антониу Гутерриш Димаш Құдайбергенмен тілдесті

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Кездесу Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммиті аясында ұйымдастырылды.

«4 шілдеде ХКҰ Ізгі ниет елшісі ретінде ШЫҰ саммиті аясында Қазақстанға сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мырзамен кездестім. Көші-қондағы маңызды мәселелерді талқыладық, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтынымды жеткіздім. Бас хатшы көші-қон саласының маңызды тұстарына тоқталды», деп жазды Д.Құдайберген Instagram желісінде.

Антониу Гуттериш Димаштың өнері бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамды тәнті еткенін айта кетті.

«Мен өз талантымды әлемдегі оңтайлы өзгерістерге пайдалана алатыныма ризамын. Сондықтан Антониу мырзамен түскен фотосуретті қуана көпшілік назарына ұсынамын», делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025