Саясат • 05 Шілде, 2024

Жайлы өмір сүру кепілі

58 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті – мүше елдерге ғана емес, әлем үшін өте маңызды оқиға. Себебі қазір ұйымның зор әлеуеті мен беделінің артып келеді. Халықаралық құрылымның қатарында аймақтағы негізгі елдер барын ерекше айту керек. Сондықтан саммиттің болашағы зор.

Жайлы өмір сүру кепілі

Алдағы уақытта құрылымның қарарларынан көп жаңалық күтіледі. Бұл жолы да аймақтағы елдер үшін маңызды 20-дан астам жобаға қол қойылды. Айталық, алдағы уақытта Ұйым аясында қауіпсіздік пен көлік ынтымақтастықтығы нығайып, сауда-экономикалық байланыс артады деген болжам жасалып отыр. Қазір геосаяси шиеленіс, сондай-ақ санкциялық режім аясында сауда жолдары өзгеріп келеді. Осы тұста ұйым елдері арасындағы экономика саласындағы қатынастарды дамытуға баса назар аударылады. Әсіресе Шанхай ынтымақтастық ұйымын біріктіретін көлік жолдары мен осы елдерді әртараптандыру мәселелеріне айрықша назар аударылады. Көлік дәліздерін дамы­туға серпін беру мүше елдер­дің әрқайсысы үшін маңызды. Өйт­кені олар Шығыс, Батыс және Сол­түстік, Оңтүстік бағыттарының түйіскен жеріндегі негізгі сауда көлік бағыттарында орналасқан.

Әзербайжан арқылы өтетін орта дәліздің рөлін ішінара атап өткім келеді. Қазір біздің ел сауда-эко­номикалық байланыстарды, атап айтқанда, Оңтүстік Кавказ елдері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға арналған орта дәлізді одан әрі дамыту үшін түрлі бағытты қарастырып жатыр. Шындығында, бұл бағыттың бірнеше артықшылығы бар. Бірін­шіден, бұл қауіпсіз. Екіншіден, уақытты үнемдеуге көмектеседі. Әрине, қазір көлік қатынасын дамыту өте өзекті. Сондай-ақ бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызды.

Елдер арасындағы сауда-көлік байланыстарын нығайтуға ерекше назар аударылады. Сонымен бір­ге Транскаспий бағытын дамыту­ға ден қо­йылады. Энергетика­лық ынтымақ­тастықтың ор­науы да Орта­лық Азия елдері мен Әзербай­жан үшін маңызды. Орталық Азия елдері табиғи газдың үлкен ресурстарына ие және Әзербайжан Орталық Азиядан Еуропа елдеріне және әлемдік нарықтарға энергия ресурстарын жеткізу бағыттарын жеткізу үшін өз аумағын беруге дайын екенін білдіріп келеді.

Бұдан бөлек, қазір қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық өте өзекті. Себебі халықаралық құқық пен ережелердің қалай бұзы­латынын, барлық жерде қақ­тығыстар мен кикілжіңдер болып жатқанын күнде көріп отырмыз. Бұл еуразиялық кеңістік ел­дерінің экономикалық және ин­те­грациялық дамуға үлес қосу үшін халықаралық жүйенің қағи­даттарын өзгертуге, осы жанжалды жағдайлардың одан әрі дамуына жол бермеуге, соғыстарды тоқтату қажет екенін білдіреді.

Қол қойылған құжат­­тар шын мәнінде жүзеге асырыл­са, әлемдік ұйым­дарға да әсер етсе, экономика­лық қа­ты­настардың дамуына тіке­лей жол ашады, елдің эконо­ми­калық қатынастарын нығайтады. Тұрақтылық орнаған елдер бір-бірімен соғыспайды, экономикалық байланысты одан әрі дамыту бағы­тында жұмыс іс­тейді. Нәтижесінде, елдер арасында тәжірибе алмасу жиі­лейді. Бұл білім және мә­де­ниет саласындағы дамуға әкеле­ді. Қазіргі әлемде өнер мен мә­де­ниет, білім алмасусыз алға жыл­жу мүмкін емес. Сондықтан ұйым­­ды тек мемлекет үшін емес, же­ке­ле­ген адамдардың жайлы өмір сүруі­­нің кепілдігі ретінде қарас­тыр­ған абзал. Себебі ел экономи­касы қарқынды дамып отырса, әлеу­­мет­тік саясатқа әсер етеді. Әлеу­мет­­тік жағдай тұрақталса, тұрғын­­дар­дың тұрмыстық пакеті жақса­рып, адам­дардың әл-ауқаты да көтеріледі.

Ляман ЗЕЙНАЛОВА,
Халықаралық «Trend» ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары
(Әзербайжан)