Көрме • 05 Шілде, 2024

Алматыдағы көрмеге Құранның көне нұсқалары қойылды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Мемлекеттік Орталық музейде ашылған «Ислам руханияты» атты көрме туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі Арман Октябрьдің «Құранның көне нұсқалары» мақаласы жарияланды.

Алматыдағы көрмеге Құранның көне нұсқалары қойылды

Мақала авторының жазуынша көрермен назарына алғаш рет ұсынылып отырған біре­гей құнды жәдігер – бұрама қағаз түрінде жасалған пай­ғамбарлар шежіресі. Ұзын­дығы – 4 м, 45 см құрайтын шежіренің ені – 25 см.

Сондай-ақ көрмеге орама қағаз түрінде жасалған ерекше қолжазба Құран нұсқасы (ұзындығы – 9 м, 50 см., ені – 2,5 см.) қойылып, 114 сүре мәтіні өте ұсақ әріптермен бөлек-бөлек теріліп берілген екен.

«Хронологиялық тұрғыдан қарастырар болсақ, қордағы Құранның ең көнесі 1054 һижри/1643 миләди жылдары жарық көрген. Олардың дені Шығыстың көне қа­лалары Ыс­танбұл, Мумбай, Мы­сыр баспаханаларында, Ре­­сейдің Петербор, Қазан сияқ­ты ірі ор­талықтары мен Омбы, Орын­бор, Ташкент, Самарқан шаһар­ларының көне баспаларында басылып шыққан», деп жазады автор.

Мақалада көрмеге келген көпшілік­тің қызығушылығын тудырған бірнеше кітаптар да айтылады.

Автор мақаласын: «Қазіргі уақытта түрлі ағым­­ның жетегінде кеткен жас буынды ислам мәде­ние­­тімен сусындатуда осындай шара­лардың маңызды рөл атқа­ратынын атап өткен Мемле­кеттік Орталық музей директоры Рашида Харипова, ис­лам бүкіл адамзаттың ру­хани кемелденуіне және мәдениеті мен өркениетінің дамуына зор үлес қосқанын, музей қорындағы құнды жәді­герлерге шетелдік ғалымдар мен дінтанушылар айрықша қы­зығушылық танытып отыр­ғанын жеткізді», деп аяқтаған.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.