Елорда • 06 Шілде, 2024

Елордада қоқыс полигоны өртенді

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың өрт сөндірушілері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы отты жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада қоқыс полигоны өртенді

Бүгін Байқоңыр ауданының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

- Полигон аумағында инертті материалдармен толтыру және жалынды сөндіру жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. ТЖМ күштері 100 шаршы метр алаңдағы өртті тоқтатты, – деп толықтырды ведомство.

Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек деп ескертті.