Аймақтар • 11 Шілде, 2024

Баспаналы болды

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданында екі отбасы жаңа пәтерге ие болды. Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов үй иелеріне баспана кілтін өзі табыстады.

Баспаналы  болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құ­рылтайдың үшінші отырысында «...Ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұр­ғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет. Сонымен қатар сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді Үкіметке тапсырамын», деген болатын.

«Аудан орталығында қос бірдей баспананың берілуі – мемлекеттік бағдарлама жүзеге асып жатқанының айқын көрінісі. Қазіргі таңда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Бүгін тұрғын үй ке­зегіндегі екі отбасы бас­па­намен қамтылды. Жаңа ша­ңырақ иелеріне зор ден­саулық, отбасы жылуын тілей­­мін», деді аудан әкімі.

Жаңа баспана үйі апатты деп танылған Асылзада Зұлқарнаеваға және 20 жыл еңбек өтілі бар, 2012 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған бюджеттік сала қыз­меткері Шалыққаным Бұй­рашеваға бұйырды. Айта кетейік, бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға беріліп отыр.

Қазіргі таңда Қазталов ауданында мемлекеттік бағ­дарлама аясында 28 ауылда 116 тұрғын үйдің құ­ры­лысы жүріп жатыр. Құ­ры­лыс сапасын аудан әкімі мен жергілікті қоғамдастық жіті бақылауға алған.

Батыс Қазақстан облысы