Ауа райы • 11 Шілде, 2024

Ертең күн күркіреп, жаңбыр жауады - синоптиктер

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ертең күн күркіреп, жаңбыр жауады - синоптиктер

Фото: apostrophe.ua

Мамандардың болжамына сәйкес, еліміздің солтүстігі мен шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, шығысында тұман түседі», делінген болжамда.

Синоптиктер күндіз Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарында аптап ыстық сақталатынын қоса хабарлады.