18 Маусым, 2010

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ЕЛ ІСІНЕ АДАЛ

434 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің физика-математика бағытындағы интеллектуалдық мектебінің түлектерінен хат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Биылғы жылы осы оқу орнының алғашқы түлектері мектеп бітірді. Авторлар мек­тептің 38 түлегінің 12-сі ха­лықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыс­та­рына, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысушылар мен жүлдегерлер екенін хабарлаған. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша мектеп алған орташа балл 114,59, ал ең төменгі балл 101 болған. Екі түлек 124 баллдан  алған. “Алтын белгі” төс белгісінен он үміткердің бәрі де өз бі­лімдерін дәлелдеп шыққан. Түлектердің көпшілігі Астананың жаңа универси­те­тіне қабылдаудың үш кезеңі­нен ойдағыдай өткен. Бірқатар түлектер ІELTS және TOEFL ағылшын тілдерін білуге ар­налған тестілеудің, сондай-ақ математика мен физика бой­ынша ағылшын тілінде тап­сырылған екі деңгейлі емти­хан­дардың нәтижелері бойын­ша АҚШ пен Ұлыбри­танияның жетекші техникалық университеттерінен шақыру алды. Жекелеген түлектер Қа­зақстан мен Ресейдің жетекші жоо-ларының гранттарына ие болып отыр. “Біз Қазақстанның бола­шақ индустриялық және эко­номикалық секірісі үшін қажет мамандықтарды таңдадық. Бұл аэроғарыштық инжиниринг, ақпараттық технологиялар, электроника, энергетика, на­но­технологиялар және бас­қалар. Біз Сіздің атыңыздағы бар­лық оқу орындары Сіздің сеніміңізді ақтап, отандық білім жүйесінің көш бастау­шылары болатынына, кейін­нен бүкіл Қазақстан бойынша ендірілетін осы заманғы оқу бағдарламаларын әзірлеу және байқап көру жөніндегі басты алаңдарға айналатынына сене­міз және қолымыздан келген­нің бәрін де істейміз. Біздер, Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Президентінің алғашқы интеллектуалдық мектебінің тұңғыш түлектері ең беделді жоғары білім алып, өзіміздің барлық біліміміз бен күш-қуатымызды біздің сүйікті Отанымыздың өркен­деуі үшін жұмсайтынымызға Сізді сендіреміз! Құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, Сіздің Қазақстандағы білімді дамытуға үнемі қам­қорлық жасап отырғаныңыз үшін рахмет! Біздің бақытты балалық шағымыз үшін Сізге рахмет! Біздің интеллектуал­дық мектебіміз үшін Сізге рахмет! Сізге зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!” – делінген хатта.