Фото:polisia.kz
Тергеу органдарының ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша күдіктілерді қамауда ұстауға санкция беру туралы өтініштерінің саны 30 пайызға өсті. Бұл жағдай тергеуге қамауға алынған адамдарды азайтуға және баламалы бұлтартпау шараларын кеңейтуге қатысты Қазақстан қабылдаған бағытқа жауап бермейді.
Күдіктіні немесе айыпталушыны бақылаудың тиімді әдістерінің бірі – бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын электронды бақылау жүйесі (электронды білезіктер). Бұл күдіктінің тергеу мен соттан жасырынып, қылмыстық әрекеттермен айналысуын жалғастырады деген алаңдаушылықты болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстық қудалау орбитасына қатысатын адамдар үшін салыстырмалы түрде арзан және адамгершілікті нұсқа.
Тергелетіндерге электронды мониторинг жүйелерін қолдану және оларға қызмет көрсету мемлекет үшін оларды тергеу изоляторында ұстауға қарағанда арзанырақ.
Сонымен қатар бұл адамдар өмір салтын сақтап, әлеуметтік байланыстарды қолдай отырып, жұмысын жалғастыра алады.
Биыл сәуірде Жоғарғы Соттың бастамасымен өткізілген ведомствоаралық кеңестен кейін елордада қанатқақты жоба басталды. Оның аясында электронды бақылауды қолдану кеңейді.
Осы кезеңде тергеу соты тергеу органдарына 26 күдіктіні қамауға алудан бас тартты. Оның орнына, оларға қатысты бұлтартпау шарасы - электронды білезіктер тағумен үй қамағына алу таңдалды.
Электронды бақылау құралдарын қолданудың негізгі үлесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеретін істер бойынша – 14 (Полиция департаменті - 10, Экономикалық тергеу департаменті-2).
Бұл ретте ҚК-нің 106-бабының 1-бөлімі, 190-баптың 1,3-бөлімдері, 296-баптың 4-бөлімі, 297-баптың 3-бөлімі, 299-1-баптың 1,2-бөлімі бойынша полиция органдарымен тергеліп жатқан істер бойынша электронды құралдар қолданылды. Білезіктерді қолдану алгоритмі жасалды.
Жоғарғы Сот елордалық соттың оң тәжірибесін республикалық деңгейде таратуды жоспарлап отыр. Бұл қамауға алынғандар санын азайтады.
Қабылданып жатқан шаралар ел Президентінің қылмыстық процесте жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету туралы тапсырмаларына толық сәйкес келеді.