Нұрсұлтан Назарбаев пен II Абдалла екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін қарастырды, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар, Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Иорданияның Қазақстанға жақын ел екеніне назар аударды.
– Сіздің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысу үшін біздің елімізге келуіңіз зор мәнге ие. Біз Сізбен әрдайым өзара сенімді қарым-қатынаста болдық. Қазақстан Сіздің еліңізге үлкен құрметпен қарайды. Сіздің Иордания орналасқан өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отырғаныңызды атап өткім келеді. Сондықтан біз Сізді әрдайым қолдауға әзірміз, – деді Мемлекет басшысы.
II Абдалла екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
– Өзіңізбен кездесіп, ортақ күш-жігеріміз арқылы әлемнің бұдан да жайлы әрі тыныш болуына қалай ықпал ете алатындығымыз туралы Сізден кеңес алу мені әрдайым жылы әсерге бөлейді. Мен көп жылдан бері өңірдегі бітімгершілік, халықтар мен діндерді жақындастыру жолындағы Сіздің қызметіңізге тәнті болып келемін, – деді Иордания Королі.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17