ОРАЛ. 26 сәуір. Батыс Қазақстан облысында Президент сайлауы күнінің екінші жартысында электоралдық белсенділік деңгейі артқаны байқалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Айталық, мұнда сағат 14:00-де дауыс беру тізіміне тіркелген 404 465 сайлаушының 67,13 пайызы дауыс берген. Бұл пайыздық көрсеткіш сағат 16:00 мен 18:00-де тиісінше 79,01 және 90,16-ны құрады. Ал кешкі сағат 20:00-де, яғни, батысқазақстандық сайлаушылардың дауыс беру үдерістері қорытындыланар кезде аталған көрсеткіш 96,51 пайызға жетті.
Дауыс беру кезінде оған отандық және шетелдік байқаушылардың қалың тобы қатысты. Олардың елеулі бөлігін қазақстандық азаматтық альянс өкілдері құрайды. Солардың бірі – «Абырой» қоғамдық бірлестігі жанындағы президенттік сайлауды бақылау жөніндегі штабтың үйлестірушісі Асқар Шайғұмаров байқаушылардың қызметі жөнінде: «Президент сайлауы күні біздің тәуелсіз бақылаушылар тобы Орал қаласындағы 16 учаскеде өз қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, ондаған еріктілер сайлау үдерістерін бақылауға мүмкіндік алды. Бұл, әрине, онша көп адам емес. Әйтсе де, мұның өзі азаматтық альянс өкілдерінің басты электоралдық науқанға бейжай қарай алмайтынын көрсетеді. Мұндай азаматтық үнқату олардың белсенді ұстаным жолдарына бел шеше кірісе бастағанын көрсетеді. Мұндағы мақсат – біреу ғана. Бұл сайлау комиссияларынан әділдік пен тазалықты және заңдардың сақталуын талап ету», – деді.
Түйіп айтқанда, еліміздің батыстағы қақпасы Орал өңірінде ел ертеңін айқындайтын елеулі күн – Президент сайлауы жоғары азаматтық белсенділік пен өршіл көңіл-күй және жарқын да шат-шадыман мереке жағдайында өтті. Бұған келтірер мысалдар да жеткілікті. Мәселен, дәл бүгін отбасын құрған жас жұбайлардың дауыс беру үшін қол ұстасып, өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскесіне бірге келуі қандай жарасымды. Орал қаласындағы №10 орта мектептің жанында орналасқан №428 сайлау учаскесінде дәл осындай көрініске куә болдық. Олар 26 сәуір күні неке куәліктеріне ие болып ерлі-зайыпты атанған Азамат және Әсел есімді жас жұбайлар.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 26 Сәуір, 2015
Батыс Қазақстанда сайлаушылардың 96,5 пайызы дауыс берді

Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі
Қоғам • Бүгін, 22:43
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Бүгін, 22:09
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20