19 Маусым, 2010

Ертең - Медицина қызметкері күні

559 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
“РОМАТ” фармацевтикалық компаниясының президенті Тұрарбек РАҚЫШ:

ДӘРІЛЕР ӨЗІМІЗДЕ ЖАСАЛАДЫ, БҰЛ ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ӨРКЕНДЕУІ

– Тұрарбек Әмірханұлы, жалпы осы компанияны құрудағы мақсат неден туындап еді? – Кеңестік жүйе ыдырағаннан кейін елімізде дәрі-дәрмекке үлкен зәрулік туын­дады. Біздің еліміз сол кездерде халықтың дәріге деген сұранысының 3 пайызын ғана жергілікті өнімдермен жауып отырды. Сол кезде арнайы компания құрғанымыздың септігі бүгін елімізге тиді-ау деп ойлаймын. Сөйтіп, бүгінде үлкен холдингке айналған “Ромат” фармацевтикалық компаниясы 1992 жылы шағын аптека негізінде құрылды. Басты мақсатымыз – Отандық дәрі-дәрмек­тер өндіретін жаңа саланы қалыптастыру еді. – Осы жылдар аралығындағы жетістік­теріңіз қандай? Компания бәсекеге қабілетті бола алды ма? – Бұл күндері компанияға қарасты үш зауыт та толық деңгейде жұмыс істеп, бәсе­кеге қабілетті кешендердің қатарында халық­қа қажетті дәрі-дәрмектер, медици­налық жаб­дықтар шығаруда. Мысалы, облыс орта­лығындағы медициналық зауыт үш бөлікті, бір рет қолданылатын шприц шығаруды 130 миллион данаға жеткізіп отыр. Бүгінде ол үлкен сұранысқа ие. Сондай-ақ ТМД ел­дерінде тұңғыш рет туберкулезге қарсы қол­данылатын дәрілер шығаруды қолға алып отыр­мыз. Жалпы өнім өндіру көлемі осы уақыт­тың ішінде 2-3 есе ұлғайды. Компания­ның мақсаты – сапалы, бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие өнім шығару, халықтың қажет­тілігін өтеу. Осыған орай, мемлекеттік сапа менеджмент жүйесі ІSO-9001-2001 енгіз­дік. Яғни, халықаралық талаптарға сай жұмыс жасаймыз. Осыдан үш жыл бұрын елі­мізде Ғылым қоры құрылып, Үкімет бұ­рын­ғыдай маңызы шамалы ғылыми бағыт­тарға бюджет қаржысын шығында­май, ғылыми жоба ұлт­тық маңыздағы жа­ңалыққа, жаңа­шыл­дыққа ие болса ғана қолдау білді­ретін болды. Сол жолы 70 жоба ұсы­ны­лып, соның ішін­­де 5 жоба ғана таңдалып алынды. Олардың бірі – біздің “Ро­мат” фар­мацевти­калық ком­па­­ния­сының ғылы­ми-зерттеу инс­ти­туты. Бұл біздің компа­нияның ғылы­ми негізде дамып келе жатқанын, жа­ңа тех­нология­ларды өміршең етуде бар­лық мүмкіндік­теріміздің бар екенін көрсетеді. – Еліміз бойын­ша өкіл­дік­теріңіз бар ма? Шетел­дерде ше? Олармен қандай байланыс жасайсыздар? – Біздің холдинг құра­мын­да дистрибью­терлік ор­та­лық, аптекалық және логистикалық жүйе, жо­ға­рыда айтып кеткендей, үш зауыт, еліміздің қала­ла­рын­да орналасқан 18 филиа­лы­мыз бар. Сондай-ақ 2006 жылы Пекин қаласынан осындай бөлімше аштық. Алдағы уа­қыт­та тағы да бір бөлімшені Мәскеу қала­сында ашу ойы­мызда бар. Бүгінде компа­нияның бар­лық жұмыстары компью­тер­лендірілген, жер-жердегі құры­лым­дармен жедел бай­ланыс орнатылған. Алыс, жақын шет елдердің 140-тан аса фирмаларымен тығыз байланыс орнатып, олармен ұзақ мерзімдік келісімдер жағ­дайында бірлесіп жұмыс жасап келеміз. Мысалы, Швейцария, Бер­лин-Хеми, “Солвей Фарма”, “Ланна­хер”, “Ра­цио­фарм,” “Шварц фарма”, Германия, Пфанзер Люксембург, Ресейдің “Ново­сибхимфарм”, Австрияның “Никомед”, Францияның “Анселл”, АҚШ-тың “Пфай­­­зер”, Словенияның “Лек” сияқты әлемге әй­гілі ірі компанияларының ресми дистрибьюторы болып саналамыз. Өз елімізде “Ромат­тың” 40-қа жуық дәрі­хана­лары бар. Аталған дәріханалар бүгінгі талапқа сай жаб­дық­тарымен, кә­сіби білік­тіліктері жоғары маман­да­ры­мен ерекше­ле­неді. Өткен жыл­дан бастап аз қам­тамасыз етілген от­басылар, көп ба­ла­лы аналар, зей­нет­­кер­лер мен мү­ге­дек­терге ар­налған “Әлеуметттік дәрі­хана” атты ар­зан бағалы дәрі-дәр­­мектер ала ала­тын жобаны іске асы­ру­ға кірістік. – Сонда дәрі-дәрмектердің, яғни препараттардың қанша түрін өнді­ресіздер? Кәсіп­орында қанша адам жұмыс жасайды? Дәрі жасайтын бі­лікті мамандар қай­дан келеді? – Біздің зауыт­тар қазіргі кезде дәрі-дәрмектердің 200-ден аса түрін шығаруға қол жеткізіп отыр. Кәсіпорын зауыттарында түйірленген және капсулалы дәрі-дәрмектер, инфузион­дық сұйықтықтар, ферменттік препарат­тар және тағы басқа адам денсау­лығына қажетті өнімдер шығарылады. Компанияда 1300-ден аса адам еңбек етеді. Әрине, мамандардың көпшілігі еліміздің жоғары оқу орындарын бітірген жастар, олардың үлес салмағы 80 пайызды құрайды. Сондай-ақ бұл салаға шетел ма­мандарын да жұмысқа тартып отырмыз. – Өзіңіз осы салада көптен қызмет істеп келесіз. Отандық фармацевтикалық индустрияның қазіргі деңгейіне қандай баға бере аласыз? – Әрине, отандық фармацевтикалық өндірісінің жағдайы әлі де даму үстінде. Бүгінгі міндет – нарықтық жағдайға бейім­делген өндіріс жүйесін жетілдіріп, жаңа технология­ларды меңгеріп, жоғарғы стан­дарт­тарға сай келетін кәсіп­орындарды дамытып, Елбасының алды­мызға қойған маңызды шешімдерінің бірі ­–отандық дәрі-дәрмектерді өндірудің өзара салмағын тұтыну рыногының 50 пайызына жеткізу екені белгілі. Бұл өте жауапты міндет десем, еліміздің фармнарығының жылдам өсуін осы саланың нарықтық экономи­каға бейім­делуімен және әлемдік нарыққа қарай бет бұруы­мен түсіндіре аламыз. Сондай-ақ, мемлекеттің денсаулық сақтау саласына назар аударуы да жақсы ықпал етті. – Шприцтер жасау үшін шикізатты қайдан сатып аласыздар? – Оңтүстік Кореядан алатынбыз. Ине­лер жапондық. Дәрі еккен кезде мүл­дем ауыртпайды. Шприцтер немістердің жоға­ры сапалы плесс-формаларында жаса­лып, кореялық медициналық жаб­дық­тарға ора­­ла­ды. Бұл шприцтер В гепа­титінің алдын ала­ды. Ал бүгінде Павлодар мұнай-химия зауы­ты полиэти­лен шығаруды қолға ала бас­тады. Соңдықтан біз олармен шарт­қа оты­руға дайынбыз. Бұл өте тиімді, әрі өнімнің өзіндік құнын төмендетуге әсер етеді. – Биыл қолданысқа енген Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесіне байланысты не айтар едіңіз? Өзіңізге белгілі, жуырда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақ­стан” мемлекеттік бағдар­ламасының жоба­сы жарық көрді. Бұл жөнінде не дейсіз? – Аталған жүйе халықтың денсаулы­ғын сақтауда, емдеу шараларының тиім­ділігін арттыруда нәтижелі болатынына сенімдімін. Өйткені, бұл емдеу орын­дарының, әрбір дәрігердің бәсекелестігін қамтамасыз етіп, олардың кәсіби білік­тілігін жетілдіруге зор әсер етеді деген ойдамын. “Саламатты Қа­зақ­стан” мемле­кеттік бағдарламасының не­гіз­­гі мақсаты да осы. Яғни, денсау­лық сақ­тау саласының бәсекелестік қабі­летті­лігін қа­лыптастыру, Қазақстан азамат­тары­ның денсаулығын жақсарту және елдің әлеу­меттік-демографиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Еліміздің бұл биік мүддеге жететініне мен сенімдімін. Өйт­кені, біздің елімізде оның алғышарттары жолға қойылып отыр. – Рахмет әңгімеңізге! Әңгімелескен Фарида БЫҚАЙ, “Егемен Қазақстан”. Павлодар.