АСТАНА. 12 маусым. Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі айқындалған жағымды жаңалықтардың бірі қазақ және орыс тіліндегі білім сапалары теңесіп қалды. Сондай-ақ, аталған сынақ нәтижесі бойынша еліміздегі ҰБТ – ның орташа балы 2,6 пайызға көтерілген. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің Білім беру мен ғылым саласын қадағалау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов биылғы ҰБТ-ның қортындысын мәлім етті.
Комитет төрағасының айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу арқылы «Алтын белгіге» 4 мың 397 үміткердің 52 пайызы өздерінің деңгейін растады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылы 42,2 пайыз болатын. 2 мың 205 бала «Алтын белгісін» растаған.
«Биыл ҰБТ бойынша орташа балл 2,6 пайызға көтеріліп, 79,5 балды құрады, бұл көрсеткіш былтыр 76,9 пайызды құраған болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі тағы бір жағымды жаңалық қазақ және орыс тіліндегі бітірушілердің білім сапаларының айырмашылығы жақындай түсті. Бұл бір ғана пайызды құрайды және теңесті деуге де болады. Былтырғы жылы бұл айырмашылықтың арасы жеті пайыз еді, сондықтан да қазақ тіліндегі мектеп саны ғана емес, сапасы да артып келе жатыр. Бұл - біз үшін аса қуанышты жағдай», - деді Саят Нүсіпов.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет. «ҚазАқпарат».
• 12 Маусым, 2015
Биыл ҰБТ қортындысы бойынша орташа балл 2,6 пайызға көтерілді

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35