ОРАЛ. 12 маусым. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында полицейлерге 40 мың теңге көлемінде пара ұсынған браконьерге қатысты сот үкімі шықты. Соған сәйкес, заңсыз балық аулаған азамат 800 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиғаның мән-жайын қысқаша айтар болсақ, сәуір айының 18-інен 19-ына қараған түні Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары А.Сливной есімді азаматты ұстайды. Оның көлігін тінту барысында балық аулайтын ау мен 130 кг. мөңке балық (карась) тәркіленеді. Осы іске байланысты Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінде хаттама толтыру кезінде ұсталған азамат полиция қызметкерлеріне пара ұсынған.
Прокуратураның хабарлауынша, полицейлер А.Сливнойға пара берудің қылмыс екенін ескерткен. Соған қарамастан, ол өзінің қылмыстық әрекетін тоқтатпай, қызметтік үстел үстіне 40 000 теңге қойған. Нәтижесінде браконьер қылмыс үстінде ұсталды.
Соттың үкімімен Сливной Қылмыстық кодекстің 367-бабы, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған берген парасынан 20 есе көп мөлшерде, яғни, 800 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқынан айырылды. Алайда, кінәлінің мүлкі тәркіленген жоқ.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: softcraze.com.
• 12 Маусым, 2015
Батыс Қазақстанда полицияға пара ұсынған азаматқа үкім шықты

Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50